• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

    А.ж. 15 маусымда облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Шарабасовтың төрағалығымен өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту және экспортты қолдау мен жылжытудағы мемлекетітк қолдау шараларын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті.

    Кеңес жұмысына «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Павлодар» АЭА Басқарушы компаниясының, кеден және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

   «KazakhExport» сақтандыру компаниясының спикері өз баяндамасында өткен жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы Қазақстанның барлық өңірлерінің арасында сақтандырылған экспорт көлемі бойынша көшбасшылар үштігіне енгенін атап өтті.

   Қазақстанның сыртқы сауда палатасының кеңесшісі отандық өңделген тауарларды шетелдік нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бөлігін өтеу жолымен экспортшыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып өтті.

   Кеңес барысында экономиканың аграрлық секторында экспортты дамыту бойынша бірқатар проблемалар, «Павлодар» АЭА шеңберінде қызмет мүмкіндігі талқыланды, ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдалды.

   Өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша Павлодар облысының шикізаттық емес экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған Экспортты жылжыту жөніндегі өңірлік жол картасы әзірленді.