Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Әзірлеу үшін негіздеме
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы
15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағы;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 01-30.27 бұйрығымен бекітілген 2009 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Парламенті төртінші шақырылымының ІІІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3 және
4-тармақтары.
Әзірлеуші
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Бағдарламаның мақсаты
Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету
Міндеттері
- Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту
- Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру
- Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау
- Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру
- Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету
Іске асыру мерзімі
2010 – 2014 жылдар
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаты. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Нысаналы индикаторлар
Мыналарды:
ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 50 %-на, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі
15 %-ын құрайды
ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 % деңгейіне дейін;
шикізаттық емес экспорт үлесін экспорттың жалпы көлемінің кемінде 40 %-ы деңгейіне дейін;
шикізаттық емес экспорт көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде
43 %-ы деңгейіне дейін;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде
1,5 есеге;
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге;
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингінің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесін – 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда 90 %-ға дейін;
инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 10 %-на дейін ұлғайту;
Мыналарды:
шикізаттық емес сектордың өзіндік құнының құрылымындағы көлік шығыстарының үлесін кемінде
8 %-ға;
ЖІӨ-нің энергия қажетсінуін 2008 жылғы деңгейден кемінде 10 %-ға азайту.