• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

Ағымдағы жылғы 13 желтоқсанда Павлодар облысы Инвесторлар кеңесінің отырысын өткізу шеңберінде инновациялар саласындағы жетістіктері үшін облыс әкімі Б.Ж. Бақауов облыстық мәслихаттың  депутаты Ш.А. Данбайды «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

 «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жанындағы «Қазақстан -2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлау алдындағы бағдарламасының «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссиясының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің біліктілігі жоғары кадрларды даярлау, материалдық-техниқалық базасын нығайту және ғалымдардың  инновациялық идеяларын қолдау бойынша жүйелі тәсілдер бойынша Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сәтті іске асыруға белсенді қатысқаны үшін жеке үлесін атап өтті.