2018 жылғы 11 маусымда облыс әкімдігінде Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың төрағалығымен Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында төрт мәселе қаралды:
1. Қалалар мен аудандарда инвестициялар тарту бойынша жобалық басқару шеңберінде есеп.
2. Проблемалық мәселелерді қарау.
3. Облыс кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу.
4. Инвесторлар кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібін бекіту.
Ағымдағы жылға инвестициялар тарту жоспары және қол қойылған меморандумдарға қол жеткізу жоспары бойынша қалалар мен аудандар әкімдері тыңдалды. Мемлекеттік органдардың ескертулерімен кәсіпорындардың проблемалық мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу жоспарлары бойынша «Инвестициялар тарту агенттігі» ЖШС директорының м.а. Ерлан Қазбекұлы Дүкембаев баяндады.
Өңір басшысы күн тәртібінің әр тармағы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі келістіріліп, бекітілді.