Жыл басынан облыс кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
2015 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 2015 жылға арналған өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.А. Сағынтаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 20 қаңтарда өткен кеңес Хаттамасында қолдау шаралары бөлігі қамтылған.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө. Исекешев әр өңірде өнеркәсіптегі ағымдағы жағдайды мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобын құру тапсырмасын берді.
Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарында әлеуметтік шиеленіске алғышарттарды анықтау және жедел әрекет ету мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановтың төрағалығымен жұмыс тобы құрылды.
Осы топқа Павлодар облысының мүдделі мемлекеттік органдары енді.
Облыс кәсіпорындарымен жедел байланыстар, мониторинг орнатылды.
Қазіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ағымдағы жағдайды мониторингілеу жөніндегі облыстық жұмыс тобының алты отырысы өткізіліп, облыс кәсіпорындарының проблемалық мәселелері қаралды.
Бірқатар мәселелер бойынша жергілікті деңгейде қолдау шаралары көрсетіледі. Орталық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер дағдарысқа қарсы шаралар бойынша республикалық жедел штабтың қарауына енгізіледі.
Қазіргі таңда Жұмыс тобының апта сайынғы отырыстарының қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерден шешілгендері:
- Металлургия кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында металл сынығының экспортына тыйым салу 2015 жылғы маусымға дейін ұзартылды;
- «Қазэнергокәбіл» АҚ-та бастапқы алюминийді жеткізуге арналған а.ж. ақпандағы шарт кәсіпорынның толық жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;
- «Каустик» АҚ Республиканың бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарымен химия өнімдерін жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарт жасады;
- Бокситтер мен глиноземдерді тасымалдау барысында ҚР аумағы бойынша теміржол тарифтеріне 0,45 мөлшерінде уақытша төмен коэффициент қолдану туралы бұйрыққа қол қойылды.
- А.ж. 18 ақпанда Индустрияландыру картасының іске асырылатын жобалары бойынша 2015 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тартуға қосымша квота бөлуге өтінім қаралып, мақұлданды.
Қабылданған шаралар оң нәтижелерін беруде.
А.ж. қаңтар-ақпанда облыс өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша Республикада 3-ұстанымда тұр (Қарағанды, ШҚО кейін).
Өткен жылға қарағанда өндіріс салаларында өнім шығарудың оң серпіні сақталуда: дайын металл бұйымдары, химия өнеркәсібі, резина және пластмасс бұйымдары, құрылыс индустриясы, жиһаз, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар.
2015 жылғы екі айда металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемдерінің өсімі байқалды. 2014 жылдың деңгейіне қарағанда «Богатырь Комир» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС және «Ангренсор-Энерго» ЖШС-те көмірді өндіру артылуда.