• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

2015 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі саласындағы нақты көлем индексі 95,0% құрады (Республика бойынша – 100,6%).

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 247,8 млрд. теңгеге өнім өндірді, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 27,3 млрд.теңге (102,1%), өңдеуші –  144,7 млрд. теңге (96,5%).

Тау-кен өнеркәсібінде НКИ – 102,1% (27,3 млрд.теңге), өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы 11,0%.

Көмір шығаратын кәсіпорындар 17,2 млн. тонна көмір өндірді немесе 100,8%, соның ішінде: 16,2 млн. тонна тас көмір (101,1%) және  1,0 млн.тонна лигнит (95,7%).

Өңдеуші өнеркәсіптегі НКИ 96,5% құрады (144,7 млрд. теңге), өндірістің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы – 58,4%.

Өңдеуші өнеркәсіптің мына салаларында өндіріс көлемдері артылған: металлургия (102,2%), соның ішінде қара металлургия (100,0%), түсті металлургия (107,2%), дайын металл өнімдерінің өндірісі (182,3%), мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (100,6%), химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі (108,1%), резеңке және пластмасс бұйымдарының өндірісі (113,3%), басқа да металл емес минералдық өнім өндірісі (172,9%), жиһаз өндірісі (132,0%), жеңіл өнеркәсіп (158,8%), ағаш және тоздан жасалған өнім өндірісі, жиһаздан басқасы (161,2%), жазылған материалдарды басып шығару және көресту (137,4%).

Мына салаларда НКИ төмендеген:

Машина жасауда – 45,7% (11,9 млрд.теңге), өңдеуші өнеркәсіптегі үлес салмағы 8,2% құрайды.

Көлік құралдарының өзге де түрлерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету, электр құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша қызметтердің төмендеуі Машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және орнату саласындағы НКИ төмендеуіне әсер етті – 30,3%.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 87,1%.  «Ромат» ФК» ЖШС пен Павлодар қаласының шағын кәсіпорындарында тұтынушылар сұранысына сәйкес фармацевтикалық препараттар шығару 65,5% құрады.

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісінде - 60,0%

«Завод Гофротара» ЖШС пен «Ромат» ФК» ЖШС-те қағаз бен гофрирленген картонның төмендеуі - 70,4%.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бірінші бесжылдығын іске асыру кезеңінде Павлодар облысында 68 жоба іске қосылды, инвестиция көлемі –  274,4 млрд. теңге, 5617 жұмыс орны ашылды.

Соның ішінде 51 жоба 70%-дан 100%-ға дейінгі жоспарлы қуатқа  жетті.  

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде 24 жобадан тұратын тізім жасалды, инвестиция көлемі 1,2трлн.теңге, жұмыс орнының саны – 5817 адам.

2015 жылы 7 жобаны енгізу жоспарлануда, инвестиция көлемі -  434,9 млрд. теңге, жұмыс орнының саны – 2260.

Облыста  «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту жұмысы жүргізілуде.

Бүгінгі күні «Павлодар» АЭА аумағында 3 кәсіпорын жұмыс істеп тұр: «Каустик» АҚ (каустикалық сода, хлор, натрий гипохлориті мен тұз қышқылы өндірісі), «Белизна» ЖШС (тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі), «БО-НА» ЖШС (залалсыздандыру құралдарының өндірісі).

3 кәсіпорынның құрылысы жүргізілуде:

1. «АгроХимПрогресс» ЖШС - агрохимия өнімдерін өндіру. Жобаның бірінші сатысын іске қосу 2015 жылғы мамырға жоспарлануда.

2. «Kazakhstan Chemical Company» ЖШС - органикалық синтез, поливинилхлорид және полиолефин өндірісі. Жобаны іске қосу 2015 жылғы төртінші тоқсанға жоспарлануда.

3. «УПНК-ПВ» ЖШС - қыздырылған мұнай коксының өндірісі.

2014 жылғы 15 желтоқсанда «УПНК-ПВ» ЖШС жобасын іске асырудың «сынақты іске қосу» бірінші сатысы енгізілді. Жобаны іске асырудың екінші сатысы 2015 жылғы 3-тоқсанға жоспарлануда. Толық қуатқа шығу 2015 жылғы 4-тоқсанда күтілуде.

Жоғарыда көрсетілген 6 жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 39,9 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орыны -1000.

2014 жылы «Павлодар» АЭА инфрақұрылымын салуға 2,4 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мына инфрақұрылым объектілерін салу жүргізілуде: кедендік терминал, техникалық су құбыры, «Павлодар» АЭА аумағын қоршау, электрмен қамтамасыз ету және шаруашылық-тұрмыстық кәрізді тазарту қондырғысы.

Сыртқы экономикалық қызмет.

Павлодар облысының сыртқы сауда көлемі 2015 жылғы қаңтарда 269,2 млн. долларды құрады, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 118,3% құрайды (227,5 млн. доллар).

Павлодар облысының ҚР сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 3,6% құрайды.

Сыртқы сауда көлемінің артылуы импорт көлемінің 2 есе өсуімен байланысты (2015 жылғы қаңтарда – 173,4 млн.доллар, 2014 жылғы қаңтарда – 85,6 млн.доллар). Өңірлік экспорт көлемі 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 32,5 % төмендеді (141,9 млн.долларға қарағанда 95,8 млн. долл).

77,6 млн.доллар көлемінде теріс сауда сальдосы қалыптасты.