Экономикалық өсімге қол жеткізу шаралары
Облыс кәсіпорындарын қолдау жұмысы өткен жылдан бері белсенді жүргізілуде. Мысалы, кәсіпорындардың барлық жүйелі және проблемалық мәселелері өткен жылы дағдарысқа қарсы үкіметтік жоспарға енгізілген:
- 2015 жылғы желтоқсанға дейін сынықтар экспортына тыйым енгізілді («КSP Steel» ЖШС, «Кастинг» ЖШС ПФ);
- «КSP Steel» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Майкубен-Вест» ЖШС өнімін тасымалдауға теміржол тарифтеріне уақытша төмендетілген коэффициент берілді;
- ірі кәсіпорындар мен ұлттық компанияларға өнім жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалды («Қазэнергокәбіл» АҚ, «Каустик» АҚ, «Проммашкомплект» ЖШС);
- «Каустик» АҚ үшін кредиттің негізгі қарызын теңгеге өзгерту жүргізілді;
- «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ – 2014 жылғы ҚҚС уақытында қайтару мәселесі шешілді.
- «Майқайыңалтын» АҚ кен орындарын пайдалылығы төмен санатқа жатқызу және ПҚӨС мөлшерлемесін төмендету.
Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелер орындалды.
Ағымдағы жылы бірқатар ұсыныстар ҚР Үкіметінің қарауына енгізілді.
Премьер-Министрде өткен кеңестерде мына ұсыныстар қаралды:
- электр энергиясына тарифтер.
Бозшакөл КБК ГРЭС-1 кәсіпорнымен төмендетілген тариф (7 теңге) бойынша шарт жасасты. Қалғандары осы мәселені жеке тәртіпте пысықтауда («Майқайыңалтын» АҚ, «Қазэнергокәбіл» АҚ).
- «ҚДБ» АҚ облигацияларын шығару арқылы жүк вагондары үшін 10 жыл айналу мерзімімен «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС жүк вагондарын лизингтік қаржыландыруды ұсыну. Қазіргі уақытта Үкімет лизинг тетігі арқылы жүк және жолаушылар вагондарының отандық өндірісін қолдау үшін Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорынан 17,5 млрд.теңге бөлу шешімін қабылдады. Бұл теміржол машина жасау саласының 39 кәсіпорнын жүктеуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, магистральді теміржол желісі (МТЖ) қызметіне және электр энергиясын тарату қызметіне уақытша төмен коэффициенттер беру мәселелері пысықталуда.
«Майқайыңалтын» АҚ бойынша ағымдағы жылы кен орынды пайдалылығы төмен санатқа жатқызу мәселесі көтеріліп отыр.
«Каустик» АҚ бойынша – сыйақыны доллардан теңгеге өзгерту.
«KSP Steel» ЖШС пен «Кастинг» ЖШС ПФ-ті металл сынықтарының жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамту бойынша қосымша шаралар жоспарына «Қазақстанның ішкі нарығында қара металдардың
сынықтары мен қалдықтарының тапшылығына байланысты осы тауарларды ҚР тысқары жерлерге шығаруға квота енгізу мүмкіндігін қарау» тармағы енгізілді.
2016 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.М. Қасымбектің «Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу туралы» бұйрығы күшіне енді.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарына проблемалық мәселелер енгізілген:
- «ПМХЗ» ЖШС-те жеткізілетін мұнайдың сапасының төмен болуына (Башқұрт мұнайы) және өндірістік қуаттарды жеткіліксіз жүктеуге байланысты мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуі;
- тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарында көмір өндіру көлемдерінің төмендеуі.
Өңірлік деңгейде облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2016 жылдың басынан облыс әкімінің орынбасары Н.В. Дычконың төрағалығымен облыс өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ағымдағы жағдайды мониторингілеу жөніндегі облыстық жұмыс тобының отырысын апта сайынғы негізде өткізеді. Облыстың 58 өнеркәсіп кәсіпорнының қатысуымен 17 жұмыс тобы өткізілді.
Облыстық жұмыс тобының отырыстары шеңберінде облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қуаттарды жүктеу, жалақыны уақытында төлемеу, жұмыс уақытын қысқарту, жұмысшыларды босату бөлігінде проблемалық мәселелері қаралады.
Жергілікті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын жекелеген мәселелер бойынша шешімдер жедел қабылданады.
Проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында облыс өнеркәсіп кәсіпорындарын аралау жұмысы жалғасуда. Есептік кезеңде «Роса» АҚ, «Павлодар құбыр өткізу арматурасы» ЖШС, «Ертыс Сервис» ЖШС, «Камкор Вагон» ЖШС, «Диалон» ЖШС, «Мерусар и К» ЖШС, «Надежда» ЖШС, «САЭМ ЗМК» ЖШС, «ЛРЗ Алға-А» ЖШС, «Диапазон» фирмасы ЖШС, «Айсберг-ПВ» ЖШС, «Майқайыңалтын» АҚ, «Майкубен Вест» ЖШС, «Ертыс Сервис» ЖШС кәсіпорындарын аралау ұйымдастырылды.
Металлургиялық және көмір өндіру кәсіпорындарын вагондармен уақытында қамтамасыз ету, электр энергиясын таратуды қалпына келтіру, ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерінің алдындағы қарыздарын өтеу мәселелері қаралды.
Өнеркәсіп
2016 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 2015 жылға қарағанда 1227,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 101,2% (жоспар – 101,2%). Соның ішінде: тау-кен өндіру өнеркәсібінде НКИ 146,1% құрады (жоспар 140,0%), өңдеуші өнеркәсіпте - 98,1% (жоспар – 98,6%).
- өңдеуші өнеркәсіпте: металлургия (НКИ – 105,7%, жоспар 101,4%), соның ішінде: қара металлургия (НКИ – 105,7%, жоспар 100,3%), түсті (НКИ – 105,7%, жоспар 103,3%), металл құю (НКИ-112,9%), дайын металл бұйымдарын өндіру (НКИ – 120,3%, жоспар 110,0%), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (НКИ – 130,9%, жоспар 100,0%), жиһаз өндірісі (НКИ – 105,7%, жоспар 100,0%), жеңіл өнеркәсіп (НКИ – 110,6%), баспа және жазылған материалдарды басып шығару (НКИ – 111,6%), қағаз және қағаз өнімдерін өндіру (НКИ – 142,5%, жоспар 110,0%), өзге де дайын металл өнімдері (НКИ – 130,0%, жоспар 101,0%).
- тау-кен өндіру өнеркәсібінде: металл кенін өндіру (НКИ – 467,3%, жоспар 1580,0%), тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салаларында (НКИ – 101,7%, жоспар 103,0%),).
Өңдеуші өнеркәсіптегі төмендеу мына салаларда өндіріс көлемдерінің төмендеуімен байланысты:
мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (92,9%, жоспар 98,0%)
«ПМХЗ» ЖШС-те бензина – 98,0%, газойльдер – 93,9%, отын мазуты – 77,7%, сұйытылған пропан өндірісі – 80,6% төмендеген, керосин шығарылмаған.
машина жасау (84,6%, жоспар 100,2%)
«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-те келісім-шарттардың болмауына байланысты вагондардың шығарылмауы; электр құрал-жабдықтары өндірісінің 22,2% төмендеуі («Қазэнергокәбіл» АҚ).
Сонымен қатар, «Ритам Павлодар» ЖШС (0%), «Завод «Format» ЖШС-те (56,5%) т/ж локомотивтерінің бөлшектерін, трамвай мотор вагондары мен жылжымалы құрам, басқару үшін механикалық құрал-жабдықтар шығару төмендеген.
Сонымен қатар, мына салаларда жоспарланған көлемдерден төмен көлемде өнім өндірілген: химия өнеркәсібі өнімі (94,5%, жоспар 101,0%), өзге де металл емес бұйымдар өндірісі (85,4%, жоспар 98,0%).
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы екінші бесжылдығының өзектендірілген картасы 37 жобадан тұрады, инвестиция көлемі 1,26 трлн. теңге (8492 жұмыс орны).
Соның ішінде:
- индустрияландыру картасының 5 жобасы, инвестиция көлемі 938,1 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 2479:
Анықтама:
1. Бозшакөл КБК салу, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 406,0 млрд. теңге, жұмыс орнының саны - 1500, жобалық қуатты – жылына 100,0 мың тонна концентрат. Іске асыру мерзімі - 2010-2015 жылдар.
2. Екібастұз ГРЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 166,2 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 129, жобалық қуаты – жылына 1500 МВт. Іске асыру мерзімі – 2009-2017 жылдар.
3. Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»
АҚ
Инвестиция көлемі – 174,9 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 300, жобалық қуаты – жылына 625 МВт. Іске асыру мерзімі – 2010-2017 жылдар.
4. Павлодар МХЗ жаңғырту, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
Инвестиция көлемі – 140,0 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 150, жобалық қуаты – жылына 5,1 млн. тонна шикі мұнай. Іске асыру мерзімі – 2013-2017 жылдар.
5. Теміржол мақсатындағы доңғалақтар өндіретін кешен, «Проммашкомплект» ЖШС
Инвестиция көлемі – 50,9 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 400, жобалық қуаты – жылына 200,0 мың дана доңғалақ. Іске асыру мерзімі – 2013-2017 жылдар.
- Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасының 32 жобасы, инвестиция көлемі – 325,7 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 6013.
2015 жылы 5 жоба іске қосылды (инвестиция көлемі 443,2 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 1992).
А.ж. 11 айдың қорытындысы бойынша 6 жоба іске қосылды, инвестиция көлемі – 21,0 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны - 472:
Анықтама:
1. Екібастұз қаласында раушан гүлдерін өсіретін жылыжай кешенін салу, «GreenhouseKZ» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 3,2 млрд. теңге. Жұмыс орындарының саны – 70. Жобалық қуаты - жылына 10 млн. дана раушан гүл. Жоба 2016 жылғы ақпанда енгізілді.
2. Павлодар қаласында жылыжай кешенін салу, «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 1,8 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны – 50, жобалық қуаты – жылына 1600 тонна қызанақ. Жоба 2016 жылғы наурызда енгізілді.
3. Көмір байыту қондырғысын салу, Май ауданы, «Директ» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 0,8 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны – 30, жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна көмір Жоба 2016 жылғы мамырда енгізілді.
4. «Павлодар» АЭА аумағында агрохимия өнімдерін өндіру, «Агрохимпрогресс» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 3,3 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны – 118, жобалық қуаты – жылына 11,0 мың тонна химия құралдары. Жоба 2016 жылы 22 маусымда енгізілді.
5. «Қазақстан Республикасында теміржол осьтерін өндіретін зауыт пен доңғалақ жұптарын қалыптастыру», «R.W.S. Wheelset» ЖШС (Р.В.С. Вилсет).
Инвестиция көлемі – 11,9 млрд. теңге. Жұмыс орындарының саны – 200. Жобалық қуаты: жылына 42000 теміржол осі, 20000 доңғалақ жұбы.
6. Жоғары қысымды жең өндірісін жаңғырту, «Агромир» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 50 млн.теңге, жұмыс орнының саны – 4, жобалық қуаты – жылына 500 мың дана жең. Жоба 2016 жылғы тамызда іске қосылды.
1 жоба жыл соңына дейін енгізіледі:
- Жиынтық темірбетон және бетон құралымдары мен бұйымдары өндірісін жаңғырту, «ЗЖБИ ТемірТас Павлодар» ЖШС.
Инвестиция көлемі – 818,3 млн.теңге, жұмыс орнының саны – 133, жобалық қуаты – жылына 66,6 мың дана сыртқы және ішкі қабырға панелі. Жоба Павлодар қаласында іске асырылуда. Іске қосу мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.
Инвестиция тарту
2016 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 302,1 млрд.теңгені құрады (НКИ 85,9%).
Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар 163,6 млрд. теңгені құрады (НКИ – 86,9%).
Сыртқы инвестициялар - 119,9 млрд. теңге, сыртқы инвестициялар үлесі – 39,7%.
Өңірлік бөліністе: негізінен инвестициялар қалаға тартылады - шамамен 90,0% және шамамен 10% аудандарға тиесілі.
Инвестиция тарту мақсатында мынадай жұмыс жүргізілді.
Ағымдағы жылы Германия, Түркия, ҚХР, Чехия, Нидерланды, Австрия, Белоруссиядан бірқатар шетелдік компаниялардың Павлодар облысына сапарлары өтті, оларға инвестиция қажет жобалар таныстырылды.
Сонымен қатар, инвестициялар тарту жұмысын жандандыру мақсатында 2016 жылғы 2 қарашада Павлодар қаласында С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде үшінші жыл сайынғы «Ертіс Инвест – 2016» Халықаралық инвестициялық форумы өтті.
Форум шеңберінде облыстың инвестиция қажет инвестициялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Әлеуетті инвесторлардың назарына 47 ақпараттық стенд және электрондық форматта 30 жоба ұсынылды. Ұсынылған стендтердің 16-сы инвестиция қажет ететін жобалар бойынша, 15 - Start up және ЖОО мен институттардың инновациялық жобалары, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының инвестициялық тартымдылығының таныстырылымы және МЖӘ шеңберіндегі жобалар.
Панельдік секциялар шеңберінде кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту, агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперация, МЖӘ тетігі арқылы инвестиция тарту, АЭА дамыту және экология мәселелері қаралды.
Форумда шамамен 317,0 млрд.теңге сомасына 31 коммерциялық құжатқа қол қойылды, соның ішінде неғұрлым ірілері: Павлодар облысының аумағында кен байыту – химия - металлургия кешенін салу, алюминий өндірісі кластері, StartUp академияның вируссыз картоп алуға қызмет көрсету бойынша сәтті коммерцияландырылған жобасы.
Қазіргі уақытта қол қойылған меморандумдар бойынша орындау мерзімдерімен жол картасы пысықталуда.
Жаппай алғанда, шамамен 800 адам қатысты, соның ішінде Украина, Ресей, Беларусь, Польша, Франция, Германия, Ұлыбритания, Австрия, БАӘ, Қытайдан бизнес топтар өкілдері болды.