• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы бойынша міндет қойылған.

Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету қажет. Бұл маңызды кешенді міндет.

Осы басымдықты орындау мақсатында облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы облыс кәсіпорындарымен бірлесіп, Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын (бұлан әрі Карта) әзірлеп, бекітті.

Жол картасында кәсіпорындарда цифрлы технологияларды қолдану, құрал-жабдықтарды жаңғырту және қайта жарақтау бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, а.ж. қыркүйекте облыс әкімі Б.Ж. Бақауов жүйе құраушы кәсіпорындарды, атап айтқанда, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытын, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ технологиялық жаңғырту жөніндегі жол карталарына қол қойды.