Павлодар қ. 2017 жылғы 28 шілде
Бүгін Павлодар қаласында Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес, ЖОО және ҒЗИ өкілдерімен кездесу өкізді.
Кездесу барысында Марат Омаров инновациялық гранттарға өтінімдер 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қабылданатынын хабарлады.
«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп атап өтті «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров.
Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.
Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.
Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.
Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.
Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.
Инновациялық гранттарға өтінімдер 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз жүзінде Қазақстан, 010000 Астана, Қонаев к., 12/1, «Сулы-жасыл бульвардағы» бизнес орталығы мекенжайы бойынша немесе электронды нұсқада www.digital.baiterek.gov.kz сайтында қабылданады.
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.
ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің
баспасөз қызметі
+77172 57 10 14 (245)
+7701 328 38 98