Ағымдағы жылғы 21 маусымда Инновациялық Евразия Университетінің конференция залында «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссиясымен облыстың ғылыми-техникалық кеңесінің бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
- Павлодар облысының инновациялық белсенділік индексін арттыру бойынша Павлодар облысының өңірлік инновациялық жүйесі элементтерінің жұмысы туралы;
- «100 нақты қадам» ұлттық жоспары шеңберінде заңдардың іске асырылу барысы туралы;
- 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы комиссия отырыстарында берілген ұсынымдарды орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп.
Отырыс қорытындысы бойынша:
- облыстың белсенділігі төмен кәсіпорындарымен инновациялық белсенділік көрсеткіштерін арттыру мәселесін пысықтау;
- «Инновациялық Павлодар - 2017» конкурсының жеңімпаз жобасын
іске асыру үшін бюджет қаражатын бөлу мүмкіндіктерін қарау;
- Облыстың ЖОО және ҒЗИ «Ғылым қоры» АҚ жүргізетін 2017 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға, жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу үшін жобаларды қалыптастыру жұмысын жүргізу тапсырылды.