Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында «жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін» атап өтті.
Осыған орай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылғын арттыру мақсатында 2018 жылғы 26 қаңтарда «Жемқорлықпен күрес және занның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай республикалық бірыңғай сағатын өткізу жоспарланған.
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында 26 қаңтар сағат 11.00-де «Жемқорлықпен күрес және занның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» бірыңғай сағаты өткізілді.
Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас қарсы жемқорлыққа іс – қимыл агенттігі Павлодар бойынша облысы департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Назымбек Алпысбайұлы Бекжанов көрсетілген тақырыпқа баяндама оқыды.