Ағымдағы жылғы 19 қаңтарда облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының төрағалығымен өңір кәсіпорындарымен кеңес өтті.
Кеңеске «Павлодар құбыр илек зауыты» ЖШС, «KSP Still» ЖШС, «Темірмаш» Павлодар зауыты» ЖШС және басқалары қатысты.
Кеңес шеңберінде облыста инвестициялық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.
Кәсіпорындар бірқатар инвестициялық жобалар - бизнес идеяларды ұсынды, олар халықаралық стандарттарға сәйкес «оралып», оларды іске асыру үшін инвесторларға таныстырылады.