2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің Павлодар облысына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарымен бірге Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары Т.М. Адуов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы М.К. Сұлтанғалиев, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.С. Батанов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ж.С. Шарабасов еріп жүрді.
Сапар шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС мыс концентраты өндірісімен, «Проммашкомплект» ЖШС-тің т/ж доңғалақтары өндірісін ұйымдастыру бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобасымен, «ПМХЗ» ЖШС жаңғырту аяқталғаннан және цифрлық технологияларды енгізгеннен кейін ағымдағы қызметі, «ҚЭЗ» АҚ бастапқы алюминий өндірісінің технологиялық үдерісімен және электролизер жұмысымен танысты.
«Павлодар» АЭА-да ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Giessenhaus» ЖШС-тің қоспалы алюминий және «КиК Павлодар» ЖШС жылдам балқытылатын алюминий автомобиль дискілері өндірісімен танысты, сондай-ақ алюминий кластері кәсіпорындарының басшылары іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттандырды.