• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2018 жылғы 14 маусымда «Атамекен» Қазақстан ұлттық палатасының төралқа төрағасы Т.А. Күлібаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары өтті.

   Сапар барысында Т.А. Күлібаевпен облыс әкімі Б.Ж. Бақауов еріп жүрді.

   Сапар шеңберінде Т.А. Күлібаев «Бастау - бизнес», «Аға синьор» және «Іскери байланыстар» жобаларына қатысқан кәсіпкерлердің өнімімен танысты.

   Облыс кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Қазақстан ұлттық палатасының төралқа төрағасы өңірдің бизнес ахуалын және облыстың бизнесі мен биліктің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

   Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілердің облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұлттық компаниялардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуына қатысу мәселелері аталып өтті.