Негізгі индикаторлар бойынша қорытынды көрсеткіштер:
Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өндеуші өнеркәсіптің үлесі 2010 жылдан бастап 3,2% өсті (28,3%-дан 31,5%-ға).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 есеге өсті (843 млрд теңгеден 1202,4 млрд.теңгеге). Орташа жылдық өсім - 7,1%-ды құрады.
Өңдеуші өңеркәсіптегі еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 43,3 –тен 67,1 мың АҚШ долларына көбейді.
Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 14,9 пайыз тармаққа өсті (2010 жылы 58,6%-дан 2012 жылы 73,5%-ға).