• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сәйкес облыста «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылды. АЭА жалпы аумағы 3300 га құрайды, соның ішінде 1200 га – АЭА жобаларын іске асыру және инфрақұрылымын салу үшін, 2100 га – қолданыстағы "Былқылдақ" жинақтаушы көлі.

АЭА құрудың негізгі мақсаты:

- заманауи технологияларды пайдаланумен қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісі;

- жоғары терең өңдеумен басымдықты салаларды дамыту шеңберінде серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды іске асыру;

- қолайлы инвестициялық ахуалды құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 362-V Заңы шеңберінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

  • тамақ өнімдерін өндіруді;
  • сусындар шығаруды;
  • темекі бұйымдарын өндіруді;
  • жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
  • жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
  • жиһаздар шығаруды;
  • машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп.

2) мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі негізінде қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

АЭА аумағында салықтық және кедендік преференциялар әрекет етеді.

ТЭН сәйкес «Павлодар» АЭА инфрақұрылымын салу құны 21,0 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде 3,0 млрд. теңгеге кедендік терминал, қоршау, электрмен қамтамасыз ету, техникалық су құбырының құрылысы аяқталды және тазарту қондырғысын салу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта АЭА аумағында 5 жоба белсенді іске асырылу сатысында, инвестиция көлемі 40,0 млрд. теңге:

- «Каустик» АҚ - каустикалық сода, хлор, натрий гипохлориті мен тұз қышқылы өндірісі;

- «Белизна» ЖШС - тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі:

- «БО-НА» ЖШС - залалсыздандыру құралдарының өндірісі;

- «УПНК-ПВ» ЖШС - қыздырылған мұнай коксының өндірісі;

- «АгроХимПрогресс» ЖШС - агрохимия өнімдерінің өндірісі.